logo-qolday-2

«Qoldaý» КО-ның барлық қызметтері тегін ұсынылады

Все услуги ЦП «Qoldaý» предоставляются бесплатно

  • Рус
  • Қаз
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Ұйымдық құрылым
    • Басшылар
    • Департаменттер мен байланыс деректері
    • Ішкі нормативтік құжаттар
    • Бос жұмыс орындары
    • Сатып алу жоспары
  • Қаржыландыру
    • КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА
      • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
      • Ішінара кепілдік беру
      • Мемлекеттік грант
    • Қарапайым заттар экономикасы
    • Almaty Business – 2025
    • Алматы Business
  • Құжаттарға рұқсат беру
    • Жер қатынастары
    • Инженерлік желілер
    • Лицензиялар және өзге де рұқсаттар
    • Құрылыс
  • Oқыту
  • Жаңалықтар
  • Қаз
    • Рус
    • Қаз
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Ұйымдық құрылым
    • Басшылар
    • Департаменттер мен байланыс деректері
    • Ішкі нормативтік құжаттар
    • Бос жұмыс орындары
    • Сатып алу жоспары
  • Қаржыландыру
    • КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА
      • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
      • Ішінара кепілдік беру
      • Мемлекеттік грант
    • Қарапайым заттар экономикасы
    • Almaty Business – 2025
    • Алматы Business
  • Құжаттарға рұқсат беру
    • Жер қатынастары
    • Инженерлік желілер
    • Лицензиялар және өзге де рұқсаттар
    • Құрылыс
  • Oқыту
  • Жаңалықтар
  • Қаз
    • Рус
    • Қаз
Жаңалықтар
Қыркүйек 27 2022
Алматыда бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша ерекше балаларға арналған дамыту орталығы ашылды
Қыркүйек 27 2022
Анар Тастанбекова
Алматыда бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша ерекше балаларға арналған дамыту орталығы ашылды

«CP Life EDU» ерекше балаларға арналған даму орталығы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2 млн.теңге мөлшерінде өтеусіз грант қаражаты есебінен жұмысын бастады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша конкурсқа қатысу үшін Бизнес-жоспар edu.qolday.kz оқыту платформасының конструкторында құрастырылды. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының менеджерлері жоба бойынша консультация беріп,  сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Жобаның негізін қалаушылар-ерлі-зайыпты Итеновтар. Зәуре Итенова «БЦП Life» қоғамдық қорын басқарады, Асан Итенов Параолимпиадалық ойын бойынша «Бочча» федерациясын басқарады. Көпбалалы отбасы БЦП диагнозы қойылған 14 жастағы баласын тәрбиелеп отыр.

«CP Life EDU» оңалту-ресурстық орталығының миссиясы – кемтар балаларды емдеуде барынша жәрдемдесуді қамтамасыз ету, баланың мүмкіндіктеріне сәйкес оны жан-жақты дамыту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында спортпен шұғылдану қажеттілігін қамтамасыз ету.

Орталықтың қызметі бейімделген дене шынықтыру (БДШ) сабақтарына ынталандыру және оқыту процесі арқылы мүмкіндіктері шектеулі балаларды кешенді оңалту бойынша іс-шараларды жүргізуге бағытталған. Бұдан басқа, орталықта БЦП бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық және ақпараттық қолдау көрсетіледі, балаларды барынша толық әлеуметтік бейімдеу мен қоғамдық пайдалы ортаға ықпалдастыруды қамтамасыз етеді.

Орталықта сондай-ақ компьютерлік сауаттылық, мобилография, скетчинг, скретч (бағдарламалаудың жаңа ортасы), STEM, шешендік өнер, қаржылық сауаттылық, арт-терапия, шет тілдері, жасөспірімдерге арналған кәсіптік бағдар беру сияқты қызметтер көрсету жоспарлануда. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша мектептерде оқитын ерекше балаларға арналған репетиторлық курстар ашу жоспарда бар.

Жыл басынан бері Qoldaý КО-да тегін негізде 50 793 консультация берілді, 694 бизнес-жоспар/жоба әзірленді, 36,7 млрд.теңге сомасына қаржыландыруға дейін 113 жоба сүйемелденді, 669 рұқсат құжаттары алынды, 4 657 тыңдаушы оқытылды. Қызмет басталғаннан бері Qoldaý КО-да 189 263 консультация берілді, 2 021 бизнес-жоспар әзірленді, 86,7 млрд.теңге сомасына қаржыландыруға дейін 403 жоба сүйемелденді; 1 574 рұқсат құжаттары алынды. Бағдарлама бойынша 21 602 тыңдаушы оқудан өтті.

PrevАртқа
АлдығаNext

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы бизнеске шамамен 67 мың кеңес беру қызметін көрсетті
Желтоқсан 19 2022
Almaty Business бағдарламасы бойынша білім беру орталығының ашылуына жеңілдетілген несие берілді
Қараша 29 2022
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Алматыда пайдалы наубайхана ашылды
Қараша 1 2022
Егер балаңызды қайда қалдыратыныңызды білмесеңіз, Алматы қаласында қайда баруға болады
Қазан 20 2022
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба” шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Қыркүйек 29 2022