Алматыда тәртіпсіздік барысында шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу, оның салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін жедел қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қоғамдық көлік, сауда нысандары, базарлар, кәсіпорындар қызметі жолға қойылғанын, жол инфрақұрылымы қалпына келтіріліп жатқанын айтты.
Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен ШОБ кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша тәулік бойы жедел желі құрылды: 1308 (ұялы телефондар үшін) және +7 (727) 338-33-88.
Аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының байланыстары:
Алатау ауд. +7 701 7779986
Алмалы ауданы +7 775 5555718
Әуезов ауданы +7 708 6340056
Бостандық ауд. +7 701 5019990
Жетісу ауданы +7 705 7778130, +7 776 2222870
Медеу ауданы +7 705 4444060
Наурызбай ауданы +7 701 9594439
Түрксіб ауданы +7 702 1809007
Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы +7 701 2422947
Бүгінгі таңда "Атамекен" ҰКП, аумақтық департаменттер және басқа да ұйымдармен бірлесіп шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау бойынша қалалық және аудандық комиссиялар құрылды. Залалды өтеу тетігімен жоғарыда көрсетілген жедел желінің консультанттарына жүгіну арқылы танысуға болады.