logo-qolday-2

«Qoldaý» КО-ның барлық қызметтері ТЕГІН ұсынылады

Все услуги ЦП «Qoldaý» предоставляются БЕСПЛАТНО

  • Рус
  • Қаз
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Жалпы ақпарат
    • Ұйымдық құрылым және басшылар
    • Департаменттер мен байланыс деректері
    • Ішкі нормативтік құжаттар
    • Жұмыс орындары
    • Сатып алу
  • Қаржыландыру
    • КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА
      • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
      • Ішінара кепілдік беру
      • Мемлекеттік грант
    • Қарапайым заттар экономикасы
    • Almaty Business – 2025
    • Алматы Business
  • Құжаттарға рұқсат беру
    • Жер қатынастары
    • Инженерлік желілер
    • Лицензиялар және өзге де рұқсаттар
    • Құрылыс
  • Оқыту
    • Qolday оқыту
  • Жаңалықтар
  • Қаз
    • Рус
    • Қаз
  • Басты бет
  • Біз туралы
    • Жалпы ақпарат
    • Ұйымдық құрылым және басшылар
    • Департаменттер мен байланыс деректері
    • Ішкі нормативтік құжаттар
    • Жұмыс орындары
    • Сатып алу
  • Қаржыландыру
    • КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА
      • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
      • Ішінара кепілдік беру
      • Мемлекеттік грант
    • Қарапайым заттар экономикасы
    • Almaty Business – 2025
    • Алматы Business
  • Құжаттарға рұқсат беру
    • Жер қатынастары
    • Инженерлік желілер
    • Лицензиялар және өзге де рұқсаттар
    • Құрылыс
  • Оқыту
    • Qolday оқыту
  • Жаңалықтар
  • Қаз
    • Рус
    • Қаз
Жаңалықтар
Наурыз 15 2022
Алматыда мемлекеттік қолдау есебінен қатпарлы қамыр өндірісі ашылды
Наурыз 15 2022
Анар Тастанбекова
Алматыда мемлекеттік қолдау есебінен қатпарлы қамыр өндірісі ашылды

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша 5 млн теңге сомасына инновациялық грантты табиғи сары май қосылған қатырылған қатпарлы қамыр өндіретін цех ашу үшін Аружамал Жилисбаева жеңіп алды.

Аружамалдың айтуынша, ол тағам әзірлеуді бала кезінен жақсы көреді екен, олардың үйі әрдайым қонақтардан арылмайтын болған. Сондықтан, экономикалық білімі мен ірі компаниядағы 17 жылдық есепші қызметіндегі тәжірибесіне қарамастан, ол жұмыстан кетіп, аспаздық бизнесті бастау туралы көптен күткен арманын жүзеге асыруға шешім қабылдады.

«Бес жыл бұрын мен білім іздеп, арманыма қарай қадам жасай бастадым», - дейді Аружамал. - Мен Италияға баруды, итальяндық тағамдарды дайындауды үйренуді, адамдардың табиғи өнімдерден әзірленген таңдаулы асханалардан дәм тата алатындай өз мейрамханамды ашуды армандадым. Осылайша мен Мәскеудегі бизнес мектебінің «Жобаларды басқару» факультетіне оқуға түстім, бұл маған барлық идеяларымды реттеуге және нақты іс-қимыл жоспарын жасауға көмектесті. Мен магистратурада оқып жүріп, сонымен қатар итальян тілін де үйрене бастадым-сапарға шығуға дайындалдым. Бір күні менің арманым орындалатынын білдім. Солай болды да, мен академиялық демалыс алып, Италияға бардым. Екі итальяндық «Agriturismo San Bartolo» және «Hotel dei Consoli» мейрамханаларында тәжірибеден өтіп, ең соңында Италияның нағыз аспаздық жауһарларын дайындаудың барлық қыр-сырын білдім!»

Туған жері Алматыға МВА дипломымен оралған Аружамал өндірісті ашу бойынша іс-қимыл жоспарын құра бастайды. «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша кеңес алып, Аружамал «БЖК – 2025» бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға өтінім берді. Инновацияны ойлап табу қиын болған жоқ, ол Қазақстанда жаппай өндірісте болмаған итальяндық қамырдың рецептін қолға ала бастады.

«Әлі есімде, әдеттегі жұмыс күні болатын. Мен тәжірибеден өткен итальяндық мейрамханада 170 адамға арналған банкетке дайындалдым. Симонетта тоңазытқыштан қамырды алып, ойнап жүріп, гриссини дайындады. Мен процесті қарап алып, өзім де пісіре бастадым. Мен оның сапалы, дайындауға ыңғайлы және дәмді екендігіне қуандым! «Неге бұл идеяны Қазақстанға әкелмеске?! Мен осы өндірісті ашып, әйелдердің ас үйде жұмыс істеуін жеңілдетер едім. Бұл премиум өнім! Біз бұл сапаға лайық емеспіз бе?!»- деп ойладым сол кезде. Дәл осы күні менің бизнес-идеям пайда болды», - дейді грант иегері.

Гранттық қаражатқа Аружамал итальяндық рецептура бойынша қамыр өндіруге және ингредиенттердің барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретін арнайы жабдық сатып алды.

Бүгінгі таңда оның цехында ауысыммен 6 қызметкер жұмыс істейді. Ай сайын шамамен 2 тонна дайын өнім шығарылады, ал өндірістік қуаттылықтар айына 5-6 тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік береді. Өнім «Galmart», «Colibri», «Interfood», «A-Store» сауда желілеріне, «Arbuz.kz» интернет-дүкеніне және т.б. жеткізіледі.

«Қатпарлы қамырдан басқа, біз самса, жайма қамырын, сондай-ақ печенье, жаңғақтар, самса, пирогтар, тоқаштар, ватрушкалар, чизкейктер, торттар жасаймыз. Барлығы табиғи, химикаттар мен зиянды қоспалары жоқ. Мен Қазақстанда да барлық тағамдар Италиядағы сияқты дәмді және органикалық болғанын қалаймын! Менің арманым, өз халқымның денсаулығына қамқорлық жасай отырып, барынша пайда келтіру», - дейді Жилисбаева Аружамал.

Сонымен қатар, Аружамал кейтеринг агенттігін ашып, әкелінген итальяндық тұқымдардан райхан, розмарин, тасшөп, шалфей өсімдіктерін өсіруде. Дәмді тағамдарды дайындауға қажетті көкөністер мен көкжелектерді өсіруге арналған жылыжай ашу - оның болашақтағы тағы бір арманы болып табылады.

PrevАртқа
АлдығаNext

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлер 100 млн теңгеге дейін өтеусіз грант ала алады
Тамыз 3 2022
Зергерлік бұйымдар өндірісіне 5 млн теңге грант берілді
Шілде 26 2022
«Smart balaqai» әлеуметтік жобасы балаларға көмек көрсету үшін мемлекеттік грантты жеңіп алды
Шілде 5 2022
Almaty Business бағдарламасы бойынша стоматологиялық клиника ашуға жеңілдетілген несие берілді
Мамыр 6 2022
Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда
Мамыр 3 2022