Бас директоры
Мемлекеттік қызметте маманнан басқарма басшысына дейін 14 жылдан астам уақыт қызмет етті. Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында, Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасында жұмыс істеді.
2021 жылдың шілде айынан бастап «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымына кірісті.
Жоғары техникалық және экономикалық білімі бар: Алматы энергетика және байланыс институты, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, University of Reading (Ұлыбритания) университетінде оқып, магистр дәрежесін алды.
Бас директордың орынбасары
Мемлекеттік қызметте 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Маман лауазымынан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
2021 жылдың сәуір айынан бастап «Qoldaý»к әсіпкерлік орталығы» ЖШС-не қабылданды. 2021 жылғы қыркүйектен бастап Бас директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Алматы» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.